🌟 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлері марапатталды! 🌟
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын беру бойынша іс-шаралар кешені аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 🎉
Аталған жоба — жастардың креативті ойы мен бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама. Оның басты мақсаты — белсенді, ізденімпаз және шығармашыл жастарды қолдау арқылы қоғамда жаңа серпін қалыптастыру.
💡 Биылғы жылы грантқа 100-ге жуық өтінім түсіп, комиссия шешімімен 6 бағыт бойынша — ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және еріктілік салаларында 13 үздік жоба иегері анықталды.
💰 Жалпы грант қоры — 13 000 000 теңгені құрады.
2025 жылғы 24 қазан күні өткен марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталып, ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 🎶
Іс-шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және студент жастар қатысты.
👏 Биылғы грант иегерлері:
Бизнес бағыты бойынша:
Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша:
Ғылым бағыты бойынша:
Еріктілік бағыты бойынша:
Медиа бағыты бойынша:
Мәдениет бағыты бойынша:
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Жастардың тың идеялары мен жобалары еліміздің дамуына, қоғамның ілгерілеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз.

- Тәңірбергенова Ақмарал Асылханқызы
- Рамазанов Мәди Нұржанұлы
Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша:
- Елиубаев Қанат Өмірбайұлы
- Жұпан Әсел
Ғылым бағыты бойынша:
- Алмас Мадияр Алмасұлы
- Уразбеков Амиржан Абдымуратович
Еріктілік бағыты бойынша:
- Даутов Азат Мұратұлы
- Бейсенбаева Сания Асетовна
Медиа бағыты бойынша:
- Тілеубай Нұрболат Ералыұлы
- Мейрамбек Мейірхан Нұрбекұлы
Мәдениет бағыты бойынша:
- Меңдібай Талғат Амангелдіұлы
- Өмірзақ Айгерім Әсілбекқызы
- Сыздыкова–Битосси Анель Аскаровна